Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап заңсыз әкелінетін көліктерге бақылау күшейеді

kz.kursiv.media

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап заңсыз әкелінетін көліктерге бақылау күшейеді

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанға көліктердің заңсыз әкелінуіне жол бермеу үшін кедендік бақылау мен техникалық реттеу саласына жаңа тәсілдерді 1 қыркүйекке дейін енгізуді тапсырды. Бұл туралы Үкімет отырысында мәлім болды.

Үкімет басшысы елімізге көліктерді заңсыз әкелу жағдайлары әлі де кездесетінін атап өтті.

«Көбіне мұндай көліктер техникалық және экологиялық талаптарға сәйкес келмейді. Бұл, соның ішінде, кеден заңнамасы нормаларын қолдану кезінде кездесетін олқылықтарға байланысты. Қаржы министрлігі Өнеркәсіп министрлігімен бірлесіп, 10 күн ішінде автокөліктерді (сұр импорттағы көліктер) елге заңсыз әкелуге жол бермеу бойынша нақты шаралар кешенін әзірлеуі қажет. Қолданыстағы заң нормаларын түсіндіруде нақты ұстаным болуы керек», – деді Олжас Бектенов.

Ол кедендік бақылау мен техникалық реттеу саласындағы жаңа тәсілдер осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап іске қосылуы тиіс екенін атап өтті.

Бұған дейін Қазақстанда жеке тұлғаларға арналған автолизингті дамыту және автонесие рәсімдеу талаптарын қайта қарау жоспарланып отырғаны мәлім болған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
22 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар