Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

24 шілдеге қараған түні Астанада жаңбыр мен бұршақ жауып, дауыл тұрады

kz.kursiv.media

24 шілдеге қараған түні Астанада жаңбыр мен бұршақ жауып, дауыл тұрады

23 шілдеден 24 шілдеге қараған түні Ақмола облысында жаңбыр мен бұршақ жауып, найзағай ойнап, дауыл тұрады. Қолайсыз ауа райы туралы ескертуді өңірдің төтенше жағдайлар басқармасы жариялады.

Облыстық басқарма мәліметінше, жұмаға қараған түні Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр мен бұршақ жауып, дауыл тұрады.

Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады. Күндіз облыстың солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде дауыл тұрып, оның екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Облыстың батысында өрт шығу қаупі бар.

Бұл уақытта елордада толассыз жауған жаңбырдан көшелерді су басып қалды. Әлеуметтік желілерде автокөліктердің суда қалғаны туралы видеолар көптеп тарап жатыр. Мәліметтерге қарағанда, қатты дауыл ағаштарды сындырған. Ал LRT бекеттерінің бірінің шатырынан су тамшылап тұр.

Ресми мекемелер дауыл мен судың тасуынан зардап шеккендер туралы мәлімет жариялаған жоқ.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар