Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шетелдегі шот пен пәтер: декларацияны кім, қашан және қалай тапсырады

kz.kursiv.media

Шетелдегі шот пен пәтер: декларацияны кім, қашан және қалай тапсырады

Жалпыға бірдей декларациялау барысында құжатты қай кезге дейін тапсыру керек, шетелдегі және Қазақстандағы мүлікті немесе банктегі жиған-тергенді көрсету қажет пе деген сауалдар жиі қойылады. Осы ретте Қаржы министрлігі декларация тапсыру ережесін тағы бір түсіндіріп өтті.

Ең алдымен, декларация тапсыру міндеті туындаған жылы құжатты қағаз түрінде де, электронды түрде де 15 қыркүйектен кешіктірмей тапсыру қажет.

Банктегі депозиттерге келер болсақ, қазақстандық банктерде жатқан қаражатты декларацияда көрсетудің еш қажеті жоқ. Ал шетелдік банктердегі ақшаңыздың жиынтық сомасы 1000 айлық есептік көрсеткіштен (4 325 000) ассе, оны міндетті түрде деларацияда көрсету керек.

Бұл ереже жылжымайтын мүлікке де қатысты: Қазақстанның бірнеше қаласында жеке пәтеріңіз болса да, оларды 250.00 нысанындағы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда көрсетпейсіз. Себебі бұл декларацияға тек шетелде тіркелген жылжымайтын мүлік енгізіледі.

Сондай-ақ зейнетке шыққан бұрынғы мемлекеттік қызметшілердің де жағдайы ескерілген. Егер адам өткен жылы зейнетке шыққанымен, сол жылы мемлекеттік қызметте тым болмаса бір күн жұмыс істеген болса, ол ағымдағы жылы 270.00 нысанды декларацияны тапсыруға міндетті.

Ал кейінгі жылдары ол бұл декларацияны тек белгілі бір жағдайларда ғана өткізеді. Соның ішінде өзі дербес салық төлейтін кіріс алса, шетелде мүлкі, активі немесе банк шоты болса, шетелде немесе елде жиынтық құны 20 000 АЕК-тен асатын мүлік не актив сатып алса, болмаса дебиторлық пен кредиторлық берешектері бар болса ғана тапсырады.

Мемлекеттік қызметші шетелдегі мекемелерге жұмысқа жіберілгенде, командировкада болғанда, шетелде оқығанда, стажировкадан не емделуден өткенде, сондай-ақ заңды өкіл немесе қамқоршы ретінде кәмелетке толмаған баласымен бірге шетелде жүрген кезде ғана сыртта шот аша алады.

Алдағы уақытта салық декларациясын тапсыру тетігі толық жойылуы мүмкін. Өйткені әр азамат туралы мәліметті біріктіретін Smart Data Finance жүйесі жұмысын бастаған. Қаржы вице-министрі Әсет Тұрсыновтың айтуынша, егер жоба тиімділігін дәлелдесе, қазақстандықтар болашақта салық декларациясын мүлде тапсырмауы ықтимал.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар