Қытайға апаратын Аягөз — Бақты теміржолы қашан аяқталатыны мәлім болды
Қазақстан мен Қытай арасында үшінші теміржол өткелі қашан ашылатыны мәлім болды. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры стратегиялық маңызды нысан 2027 жылдың аяғында ашылады деп болжайды.
Ұзындығы 303 шақырымдық Аягөз – Бақты теміржолы Қазақстанның шығысын Қытаймен жалғастырады. Нысанның бір жылдағы өткізу қабілеті – 25 млн тонна.
«Самұрық-Қазына» мәліметінше, қазір жердегі жұмыстардың 50%-дан астамы орындалып, шамамен 20 млн текше метр қамтылды. Жол бойында 47 көпір, 317 су құбыры, 18 мал өткелі салынып жатыр. Құрылысқа 1,3 мыңнан астам адам, 856 бірлік техника жұмылдырылған.
«Теміржол желісінің құрылысын 2027 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр», – деп хабарлады ұлттық әл-ауқат қоры.
Қазақ-қытай шекарасындағы Бақты ауылы Қытайдың Шәуешек қаласынан бар болғаны 12 шақырым жерде орналасқан.
Қазір көрші елдер арасында Достық — Алашанькоу (Жетісу облысы) және Алтынкөл — Қорғас (Алматы облысы) теміржол өткелдері жұмыс істеп тұр. Оларға Абай облысы аумағынан өтетін өткел қосылады.
Айта кетейік, бір ай бұрынғы «ҚазАвтоЖол» жолдарды жөндеуге 93 млрд теңге несие алғаны мәлім болды.
- Соңғы
-
-
-
-
- Шілде, 21
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
22 шілде 2026