Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Дінді насихаттайтындарға ресми құжат беріледі: алғашқысы Нұрлан имамға табысталды

kz.kursiv.media

Дінді насихаттайтындарға ресми құжат беріледі: алғашқысы Нұрлан имамға табысталды

Елімізде тұңғыш рет имамға және оның орынбасарларына дін тарату мен уағыз-насихат айтуға заңды түрде рұқсат беретін ресми миссионерлік құжат тапсырылды. Бұл туралы белгілі дінтанушы, имам Нұрлан Байжігітұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Нұрлан имамның айтуынша, бұл куәлік Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына толық сәйкес берілген.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, еліміз аумағында діни ілімді тарату, уағыз айту және миссионерлік қызметпен айналысу үшін жергілікті уәкілетті органдардан ресми тіркеу мен арнайы куәлік алу талап етіледі.

Бұл жолы аталған куәлік-құжат Қазақстан тарихында бірінші рет имамның өзіне және оның екі наиб-имамына ресми түрде беріліп отыр.

«Қазақстанда тұңғыш рет! «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңға сәйкес, дін тарату, насихат айту, яғни миссионерлік құқық беретін куәлік-құжат бірінші рет елімізде имамға, яғни маған және менің екі наиб-имамыма ресми түрде берілді», – деп жазды Нұрлан имам.

Бұл қадам еліміздегі діни ағартушылық пен уағыз-насихат жұмыстарының заң аясында, ашық әрі құқықтық нормаларға сай жүргізілуін қамтамасыз етуге бағытталған. Ресми куәлік имамдардың халық арасында және ақпараттық кеңістікте діни ағартушылық қызметті заңды түрде атқаруына толық мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз: Астанадағы бас республикалық мешітіне «Нұрсұлтан мешіті» есімі берілді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
22 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар