Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Каспий құбыры арқылы мұнай тасымалының тоқтауы теңге бағамына қалай әсер етеді

kz.kursiv.media

Каспий құбыры арқылы мұнай тасымалының тоқтауы теңге бағамына қалай әсер етеді

Каспий Құбыр Консорциумын (КҚК) Қара теңіздегі терминалдарына дрон түскен соң, танкерлерге мұнай тиеуді уақытша тоқтатты. Бұл құбыр арқылы Қазақстанның Қашаған, Қарашығанақ, Теңіз кен орындарында өндірілген мұнайдың 80 пайызы Еуропа елдеріне тасымалданады.

Құбыр жұмысының тоқтауы салдарынан Қазақстан мұнай өнірісін азайтты. Бюджет пен Ұлттық қорға ақша шетелге сатылған мұнай есебінен түсетіндіктен, бұл жағдай Қазақстан үшін тиімсіз.

Дегенмен Ұлттық банк төрағасы Тиму Сүлейменов мұнай тасымалы алдағы уақытта қалпына келетініне сенім білдіре отырып, осы жайт теңге бағамына қатты әсер етпейді деп тұжырымдайды.

«КҚК – негізгі экспорттық құбыр, сәйкесінше, экспорттық валюталық түсім де көбіне оның жұмысына байланысты. Бiз (…) қандай да бір үлкен ауытқу болады деп болжап отырған жоқпыз. Қиындық туындаса, қолдана алатын құралдар жиынтығы бар. Бұл алтын-валюта резервіне де, айналы операцияларына да қатысты. Яғни валюта бағамы нарықтан тыс құбыла бастаса, араласа аламыз», – деді Сүлейменов.

Оның айтуынша, реттеуші кез келген тосын жағдайға дайын. Валюта бағамын тұрақтандыру үшін алтын-валюта қоры мен басқа да қаржы құралдары толық қолданылады.

Алайда 24 шілде күнгі сауда ашыла сала, доллар 5 теңгеге қымбаттады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар