Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Айыппұл әсер етпейді: экс-депутат NCOC басшыларын да жауапқа тартуды ұсынды

kz.kursiv.media

Айыппұл әсер етпейді: экс-депутат NCOC басшыларын да жауапқа тартуды ұсынды

Мәжілістің бұрынғы депутаты Абзал Құспан үкіметтің Қашаған операторы басшылығын жауапқа тарту әрекетін қолдайды. Заңгердің пікірінше, топ-менеджерлер қылмыстық жауапкершілікті тікелей сезінген уақытта ғана экология талаптарын орындауға бейім болады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан әділет министрлігі NCOC-тың атқарушы директоры Джанкарло Руюге экологияға қатысты «талап орындалмағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік» бар екенін ескерткені осы аптада мәлім болған. Экс-депутат Абзал Құспан қазақ үкіметінің осы әрекетін құптады.

«Мен мұндай тәсілді толық қолдаймын. Осындай идеяны мен бұған дейін де көтергенмін. Әңгіме қылмыстық жауапкершілік ғана емес, сонымен бірге экология талаптарын сақтамаған операторлардың лауазымды тұлғаларының дербес жауапкершілігі туралы болып отыр», – деп жазды Абзал Құспан Facebook-тегі парағына.

Қазір Қазақстан үкіметі мен Қашаған операторы – NCOC консорциумы 5 млрд доллар көлеміндегі экологиялық айыппұл төңірегінде соттасып жатыр.

Заңгер қоршаған ортаны ластамау ережелерін орындату үшін миллиардтаған айыппұлдардың әсері шамалы деп есептейді. Бұл ретте экс-депутат мұнай алпауыттары шығынды «өндірілген шикізатты бөлуге қатысты механизммен өтеп алады» деген пікірді алға тартты.

«NCOC жағдайында осындай механизм жұмыс істейді деп мәлімдей алмаймын, бірақ басқа да операторларға қатысты осындай әңгіме көптен бері айтылып жүр. Рас болса, онда миллиардтаған айыппұлдар компаниялар үшін айтарлықтай әсер ете қоймайды«, – деп есептейді Құспан.

Сол себепті, заңгердің пікірінше, экология талаптарын сақтау үшін топ-менеджерлердің өздері жауапкершілікті сезінуі тиіс.

«Басшылардың дербес жауапкершілігі әлдеқайда тиімді құралға айналады. Лауазымды тұлға қабылдаған шешімі үшін әкімшілік, тіпті қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін түсінген кезде, оның экология талаптарын сақтауға қатысты көзқарасы мүлдем өзгереді», – дейді экс-депутат.

Абзал Құспан кез келген қылмыстық қудалау заңды түрде «мінсіз, дәлелдерге негізделген және заң талаптарына толық сәйкес» келуі тиіс екенін ескертті. Оның пікірінше, мұндай әрекет инвестор құқығының бұзылуы, инвестициялық климаттың нашарлауы, істің саяси астары туралы мәлімдемелерге негіз болмауы тиіс.

Әлемдегі ең ірі мұнай кен орындарының бірі – Қашағанды игеретін NCOC пен оның мердігерлері қазақ үкіметі салған 5 млрд доллар айыппұл негізсіз деп есептейді. Іс қазір халықаралық сотта қаралып жатыр.

Консорциум құрамына Shell, Eni, TotalEnergies, Exxon Mobil, CNPC, Inpex және ҚазМұнайГаз кіреді. Бұған дейін NCOC даулы іс сотта қаралып жатқан уақытта айыппұл төленбейді деп мәлімдеген.

Бір апта бұрын Әділет министрлігі айыппұлды ерікті түрде төлеуге 20 шілдеге дейін уақыт бергенін, содан кейін шамамен 5 млрд долларды өсімпұлымен бірге мәжбүрлеп өндіруге көшетінін мәлімдеген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар