Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Құрылтай дебаттары республикалық телеарналардың эфирінен көрсетіледі

kz.kursiv.media

Құрылтай дебаттары республикалық телеарналардың эфирінен көрсетіледі

Құрылтай депутаттарын сайлау жөніндегі науқан аясында республикалық телеарналардың эфирінде партияаралық теледебаттар өтеді. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында белгілі болды.

ОСК мүшесі Ләззат Сүйіндіктің хабарлауынша, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдары белгіленген талаптарды сақтай отырып, дебаттар өткізу үшін өз алаңдарын ұсынуға құқылы.

«БАҚ пен онлайн-платформаларды пайдаланушылар сайлау алдындағы үгіт басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей, яғни 2026 жылғы 18 шілдеге дейін үгіт материалдарын шарттық негізде орналастырудың құны мен шарттары туралы мәліметтерді жариялауға, сондай-ақ, оларды Орталық сайлау комиссиясына ұсынуға міндетті», — деп атап өтті ол.

Бұл ретте партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар телеэфирлерге, соның ішінде теледебаттарға қатысумен байланысты шығыстарды өздерінің сайлау қорларының қаражаты есебінен төлей алады.

Ләззат Сүйіндіктің айтуынша, қазіргі уақытта ОСК «24KZ» телеарнасында партияаралық дебаттарды ұйымдастыру мәселесін пысықтап жатыр.

Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарынан ОСК-ға түскен өтінімдерге сәйкес, теледебаттарды Qazaqstan, «7 арна» және Jibek Joly телеарналарының эфирінде өткізу де жоспарлануда.

Еске сала кетейік, Құрылтай сайлауы қарсаңындағы үгіт-насихат кезеңі 23 шілдеде кешкі сағат 18:01-де басталады.

Құрылтайдағы 145 депутаттық мандат үшін жеті партиядан барлығы 545 кандидат бақ сынайды.

«Әділет» партиясы – 186 кандидат;

«Respublica» партиясы – 75 кандидат;

Қазақстан халық партиясы (ҚХП) – 72 кандидат;

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 69 кандидат;

«Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 63 кандидат;

«Байтақ» жасылдар партиясы – 47 кандидат;

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) – 33 кандидат.

Үгіт-насихат кезеңі 21 тамызға дейін жалғасады. 22 тамыз – тыныштық күні. Құрылтай сайлауы 23 тамызда өтеді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар