Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Аэротаксиге қалай тапсырыс беруге болады

kz.kursiv.media

Аэротаксиге қалай тапсырыс беруге болады

Бүгін, 24 шілдеде Астанада аэротаксидің алғашқы демонстрациялық ұшуы өтті. Алайда жаңа көлік түрінің қазақстандықтар үшін бағасы қанша болатыны және елордада нақты қашан іске қосылатыны әзірге белгісіз. Kursiv.media тілшісі таныстырылымға қатысып, аэротаксидің мүмкіндіктері мен жобаның қалай жұмыс істейтінін білді.

Бір пилот пен бес жолаушыға арналған eVTOL AutoFlight Prosperity әуе аппараты сағатына 200 шақырымға дейін жылдамдықпен ұшып, 200 шақырымға дейінгі қашықтықты еңсере алады.

Alatau Advanced Air Group (AAAG) компаниясының жоба менеджері Данияр Өтеулиннің айтуынша, аэротакси 1 шақырымнан 1 500 метрге дейінгі биіктікте ұшады деп жоспарланып отыр.

«Алматыда жағдай сәл өзгеше болады. Себебі қала биік таулы аймақта орналасқандықтан, ауа тығыздығы төмен. Ал Астанада аппарат одан да жоғары көтеріле алады. Дегенмен қауіпсіз ұшу биіктігінің шегі – 3 мың метр», – деді ол.

Аэротаксиді арнайы даярлықтан өткен ұшқыштар басқарады. Оларды оқыту тікұшақ ұшқыштарын даярлау жүйесіне ұқсас жүргізіледі. Ол үшін мамандарды АҚШ немесе Қытайдағы өндірушілерге жіберіп, сол жерде оқытады.

Alatau Advance Air Group компаниясының жоба менеджері Данияр Өтеулиннің айтуынша, сапар құнына ұшу аппараттарының бағасы, қону алаңдарын салуға кететін шығындар, техникалық қызмет көрсету шығындары және инфляция ықпал етеді.

«Қазір нақты бағасын айта алмаймын. БАҚ-та түрлі ақпарат жарияланғанымен, коммерциялық қызмет басталғанға дейін, яғни 2028-2029 жылдың соңына дейін жол жүру құнын есептеу мүмкін емес. Біздің мақсатымыз – аэротаксиді қолжетімді көлік түріне айналдыру. Әрбір қазақстандық айына кемінде бір рет әуежайдан қалаға дейін ұшып көруге мүмкіндік алса дейміз», – деді ол.

Данияр Өтеулиннің айтуынша, аэротаксиге тапсырыс беру үшін Yandex Go мен Uber қосымшаларына ұқсас арнайы сервис әзірленген. Болашақта бұл қызметті қазақстандықтарға таныс такси сервистеріне біріктіру жоспарланып отыр.

«Аэротакси кәдімгі такси сияқты үйіңіздің алдына келмейді. Ол үшін арнайы вертипорттарға бару қажет. Яғни, вертипорт – ұшатын таксиге арналған аялдама», – деді Данияр Өтеулин.

Әуе таксиі алғаш болып Алатау қаласында іске қосылады. Онда вертипорттар – ұшу және қону алаңдары, қуаттау станциялары мен жолаушыларға арналған күту аймақтары бар арнайы нысандар салынады.

Естеріңізге сала кетейік, eVTOL алғаш рет Қазақстанда 2026 жылғы мамырда Алатау қаласында әуеге көтерілген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар