Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тоқаев өзбек президентін 69 жасқа толған туған күнімен құттықтады

kz.kursiv.media

Тоқаев өзбек президентін 69 жасқа толған туған күнімен құттықтады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтады. Көрші елдер басшыларының телефон арқылы сөйлескені туралы мәліметті Ақорда таратты.

Ресми мәліметке қарағанда, мемлекет басшысы Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, бауырлас өзбек халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Президент Мирзиёевті «парасатты басшы» деп атап, соның арқасында Өзбекстан әлеуметтік-экономикалық даму мен халықаралық беделін арттыруда мол табысқа жеткенін атап өткен.

Бұған қоса олар қазақ-өзбек ынтымақтастығы қарқынды екенін айтып, сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланысты тереңдету мәселелерін талқылаған. Тоқаев пен Мирзиёев алдағы кездесулер кестесін қарастырған.

Бүгін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев 69 жасқа толды. Ол 1957 жылғы 24 шілдеде Жызак облысының Заамин ауданында дүниеге келген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар