Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Мейірман Шекеев Аша Матайды командасымен бірге дебатқа шақырды

kz.kursiv.media

Мейірман Шекеев Аша Матайды командасымен бірге дебатқа шақырды

Белгілі заңгер, қоғам белсендісі Мейірман Шекеев тележүргізуші, актриса Аша Матайға қатысты арнайы үндеу жариялап, оны ашық пікірталасқа шақырды.

Бұған дейін әлеуметтік желіде жұртшылыққа Аша Матайдың брифингтердің бірінде қойылған сұрақтарға жауап беру кезінде жанындағы адамдардың сыбырлап, нұсқау беріп отырғаны бейнеленген видео тараған болатын. Осы жағдайға байланысты Аша Матай сайлау заңнамасына сәйкес белгілі бір уақытқа дейін үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынатынын айтып, заң бұзбау мақсатында уақытша үнсіз қалатынын хабарлаған еді.

Мейірман Шекеев бұл жағдайға бей-жай қарай алмайтынын білдірді.

«Сайлауға түсіп, елдің тағдырын шешуге ұмтылған азаматтар халықтың, соның ішінде түрлі сала мамандарының шынайы сұрақтарына дайын болуы керек. Мен Аша Матайды дәрежесін түсіру үшін емес, сайлауға бара жатқан адам ретінде заңгерлер мен халықты толғантқан мәселелерді қалай шешетінін білу үшін дебатқа шақырамын. Кешегі бейнедегідей жанында сыбырлап жүретін 5 адамын/көмекшісін бірге ертіп келсе де мейлі, бетпе-бет сөйлесуге дайынмын», – деді.

Заңгердің сөзінше, «қисық қалыптан түзу кірпіш шықпайтыны» сияқты, ел заңын түзетуге бағыт алған өнер өкілдері кәсіби деңгейдегі сауалдарға өздігінен жауап бере алуға тиіс.

Сонымен қатар ол қоғамдағы өзекті мәселелер мен заңдағы олқылықтарды реттеу үшін саясатқа баратын тұлғалардың сауаттылығы мен дайындығы жоғары болуы қажеттігін атап өтті.

A post shared by ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ (@meir_halyq_zangeri)

Әзірге бұл шақыруға Аша Матай тарапынан ресми жауап берілген жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Тамара Асар мен Аша Матай «Қазақстан Халық партиясы» атынан құрылтай сайлауына түсетіндерін айтқан еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар