Иран Каспий теңізіндегі кеме шабуылы үшін Украинаны айыптады
Каспий теңізіндегі жағдай күрделене түсті. Иран билігі елге тиесілі коммерциялық кемеге Украина шабуыл жасады деп мәлімдеді. Жарылыстан бір теңізші қаза тауып, тағы бір адам жараланған.
Тегеран бұл оқиғаны «жаулық сипаттағы қылмыстық шабуыл» деп бағалап, Украина ісіне жауапты уақытша сенімді өкілді Сыртқы істер министрлігіне шақырды. Иран ұлттық қауіпсіздігі мен мүдделерін қорғайтынын айтып, Киевті соғыс ауқымын кеңейтуге әрекеттенді деп айыптады.
Оқиға Украина президенті Владимир Зеленскийдің Ресей Иранға Таяу Шығыстағы нысандардың спутниктік суреттерін беріп отыр деген мәлімдемесімен тұспа-тұс келді. Оның сөзінше, Ресей шілденің басынан бері Парсы шығанағы елдері мен АҚШ-тың аймақтағы әскери нысандарын бақылаған.
Киев бұған дейін Каспий теңізіндегі Ресей әскери кемесіне және Иранмен байланысты әскери жүктерді тасымалдады делінген кемелерге соққы жасағанын хабарлаған еді. Осылайша Ресей–Украина соғысының салдары Қара теңізбен шектелмей, Каспийдегі сауда және көлік бағыттарына да қауіп төндіре бастады.
- Соңғы
-
-
-
-
-
- Шілде, 25
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Шілде, 24
-
Күнделікті жаңалықтар
26 шілде 2026