Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Десертке құмырсқа қосқан мейрамхана иесі қамалуы мүмкін

kz.kursiv.media

Десертке құмырсқа қосқан мейрамхана иесі қамалуы мүмкін

Оңтүстік Кореяда Michelin жұлдызын алған мейрамхана иесі десертті құмырсқамен безендірген.

ВВС ақпаратына қарағанда, ол осы ісі үшін бір жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Прокуратура Michelin-нің екі жұлдызы бар мейрамхана иесін бір жылға соттауды және мейрамханаға 20 млн вон – шамамен 13,5 мың доллар көлемінде айыппұл салуды сұраған.

Оңтүстік Корея заңнамасы бойынша тағамға пайдалануға рұқсат етілген жәндіктердің нақты тізімі бар. Оған шегіртке, шекшек және екі дақты шырылдауық сияқты 10 түр ғана енгізілген. Ал құмырсқалар бұл тізімге кірмейді.

Мейрамхана иесі құмырсқаны тағамға қосқанын мойындағанымен, оның тек 15 тағамнан тұратын мәзірдің аз ғана бөлігінде – сорбеттің үстіне себілетін топпинг ретінде қолданылғанын айтты. Сондай-ақ қонақтарға құмырсқасыз балама ұсынылғанын жеткізген.

Алайда, тергеу мәліметінше, соңғы төрт жыл ішінде мейрамханада АҚШ пен Таиландтан әкелінген 49 мыңға жуық құмырсқа әртүрлі тағамға пайдаланылған.

Айта кететін жайт, әлеуметтік желіде Астананың қоғамдық тамақтану орындарына ит еті көп мөлшерде жеткізіліп, сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар