Қазақстандық жас шахматшылар Азия чемпионатында 13 медаль жеңіп алды
Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өткен 28th Asian Youth Chess Championships 2026 жарысында қазақстандық жас шахматшылар жоғары нәтиже көрсетті. Ел құрамасы турнир қорытындысы бойынша 13 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 6 алтын, 1 күміс және 6 қола жүлде бар.
Чемпионаттың классикалық шахмат бағдарламасында Қазақстан қоржынына екі алтын медаль түсті.
Азия чемпионы атанғандар:
Бұл Әдінур Әділбектің турнирдегі екінші алтын жүлдесі. Бұған дейін ол рапид бағдарламасында топ жарған еді.
Классика бойынша қола медаль иеленген қазақстандық спортшылар:
Жарыстың рапид бағдарламасында да қазақстандық шахматшылар үздіктер қатарынан көрінді.
Алтын медаль иегері Мақсат Байсалбеков (O14) атанса, қола жүлде Амалия Едрешева (G10) мен Алишер Әбдісаттарға (O14) бұйыды.
Чемпионаттың соңғы кезеңі – блиц (3+2) жарысында қазақстандықтар тағы үш жүлдеге қол жеткізді.
Азия чемпионы атанғандар:
Күміс жүлдені:
Қола медальдар:
Осылайша, классика, рапид және блиц бағдарламалары бойынша Қазақстан құрамасы жалпы есепте 13 медаль жеңіп алды.
Шэньчжэньдегі Азия чемпионаты 16–24 шілде аралығында өтті. Турнирге 30 ел мен аумақтан шамамен 900 жас шахматшы қатысты. Салыстырмалы түрде, өткен жылы Таиландтың Бангкок қаласында өткен Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар 11 медаль жеңіп алған болатын. Оның бесеуі алтын жүлде еді. Биылғы нәтиже Қазақстан жас шахматшыларының Азия деңгейіндегі жетістігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
- Шілде, 25
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Шілде, 24
-
Күнделікті жаңалықтар
26 шілде 2026