Алматының екі ауданында газ бірнеше күнге өшіріледі
Алматының Наурызбай және Алатау аудандарының бір бөлігінде табиғи газ беру уақытша тоқтатылады. Шектеу 27 шілде сағат 09:00-ден 31 шілде сағат 18:00-ге дейін жалғасады.
Газ Момышұлы көшесі, Абай даңғылы, Строительная көшесі, Мөңке би және Фариза Оңғарсынова көшелерімен шектелген аумақта өшіріледі.
Қала әкімдігінің мәліметінше, уақытша шектеу Төле би көшесін ұзарту құрылысына байланысты. Жоба аясында диаметрі 520 және 720 миллиметр болатын жоғары қысымды газ желілері жаңа орынға көшіріледі.
Әкімдік аталған аумақта тұратын тұрғындардан газдың өшірілуіне алдын ала дайындалып, қажетті шараларды қабылдауды сұрады.
- Соңғы
-
-
-
-
-
- Шілде, 25
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Шілде, 24
-
Күнделікті жаңалықтар
26 шілде 2026