Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Франциядағы орман өрті: Курорт толығымен эвакуацияланды

kz.kursiv.media

Франциядағы орман өрті: Курорт толығымен эвакуацияланды

Францияның оңтүстік-батысындағы орман өрті билікті елдегі ең танымал курорттардың бірі – Кап-Ферре түбегін толығымен эвакуациялауға мәжбүр етті. Тілсіз жау ондаған үйді қиратып үлгерді және әзірге ауыздықталмай тұр.

Франция Ішкі істер министрі Лоран Нуньестің айтуынша, 24 шілдеге қарай өрттің аумағы 10 мың гектардан асты. 40 мыңға жуық адам эвакуацияланды немесе эвакуациялану үстінде, олардың ішінде кемпингтер мен жалға берілетін үйлерде демалған мыңдаған туристер бар.

Эвакуация кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Адамдар кемемен немесе түбекті елдің материк бөлігімен байланыстыратын жалғыз автомобиль жолы арқылы шығарылуда.

Аркашон шығанағының солтүстігінде, Жирондағы өртпен 800-ге жуық өртсөндіруші және төрт амфибия-ұшақ күресіп жатыр.

22 шілдеде басталған өрт қазіргі уақытқа дейін ауыздықталған жоқ. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ауданның көптеген жолдарындағы қозғалыс, соның ішінде Ферре мүйісіне кіреберістер, шұғыл қызметтерден басқасының бәрі үшін жабылған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттен 80-ге жуық тұрғын үй жойылған. Тағы бір ірі орман өрті Бискарросс курортына жақын жерде тұтанды. Ол 2,5 мың гектардан астам аумақты шарпып, 25 мыңға жуық адамды эвакуациялауға мәжбүр етті.

Айта кетейік, Францияның Атлантика жағалауындағы орман өртінен туристер мен жергілікті эвакуациялау 23 шілдеде басталған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар