Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астанада бұрын күзетші болған адам 21 млн теңгенің кабелін ұрлап кеткен

kz.kursiv.media

Астанада бұрын күзетші болған адам 21 млн теңгенің кабелін ұрлап кеткен

Астана полицейлері ірі көлемдегі ұрлық жасады деген күдікпен 31 жастағы елорда тұрғынын ұстады. Ол бұрын өзі күзетші болып жұмыс істеген нысаннан 21 миллион теңгенің электр кабелін жымқырып кеткен. Бұл туралы Polisia.kz. хабарлайды.

Күдікті нысанның құрылымын, күзет жүйесінің әлсіз тұстары мен бағалы мүліктердің қайда жатқанын бұрыннан жақсы білген. Осы мүмкіндікті пайдаланған ол аумаққа кедергісіз кіріп, электр кабельдерін жасырын түрде тасып әкеткен.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қылмыскердің ізіне түсіп, оны қолға түсірді.

Бір күн бұрын Ақтөбеде ер адамды таксиден күштеп шығарып, жүксалғышқа салып ұрлап кеткендер ұсталған. Оларға қатысты адам ұрлау бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар