Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Түркістан облысында әйел күйеуін оқтаумен соққыға жыққан

kz.kursiv.media

Түркістан облысында әйел күйеуін оқтаумен соққыға жыққан

Әлеуметтік желілерде Түркістан облысында болған отбасылық жанжалдың видеосы тарады. Кадрлардан әйелдің отбасылық келіспеушілік кезінде күйеуін оқтаумен соққыға жығып, тіпті көзінен айыра жаздағанын көруге болады.

«Криминальный Казахстан» Telegram-арнасының мәліметінше, зардап шеккен ер адам алғашында полиция шақыртқанымен, оқиға орнына ешкім келмеген. Кейін ол ауруханаға жеткізіліп, сонда арыз жазған. Жәбірленушінің туыстары мұндай зорлық-зомбылықтың бұған дейін де болғанын айтып, әйелді заңды жауапкершілікке тартуды талап етті.

Кейіннен облыстық Полиция департаменті оқиға бойынша тексеру жүргізді. Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, жәбірленуші әйелімен татуласқанын, шағымы жоғын айтып, сараптамадан өтуден бас тартқан.

Жәбірленушінің бас тартқанына қарамастан, тәртіп сақшылары әйелге қатысты қорғау ұйғарымын шығарып, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізді.

Сонымен қатар, полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 108-1-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын толық анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіндегі өзге де ақпарат жария етілмейді.

Бұған дейін Алматы облысында отбасылық жанжал кезінде ұлы өгей әкесіне асүй пышағымен бірнеше рет соққы жасағанын жазғанбыз. Ал жанжал анасына қатысты кикілжіңнен туындаған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар