Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Семейде алты жастағы бала абайсызда көршісінің көлігін өртеп жіберді

kz.kursiv.media

Семейде алты жастағы бала абайсызда көршісінің көлігін өртеп жіберді

Семейде тұрғын үй ауласында көлік өртенді. Алты жастағы бала ойнап отырып, көлік маңындағы құрғақ шөпке сіріңке жаққан.

24.kz ақпаратына қарағанда, оқиға 15 шілдеде қаланың тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған. Сағат 18:05-те төтенше қызметтерге үй маңында тұрған көліктің өртенгені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалынды жедел сөндірген.

Тексеру барысында полиция бейнебақылау камераларының жазбаларын қарап, өртке дейін көліктің жанында үш кішкентай баланың жүргенін анықтаған.

Алдын ала мәлімет бойынша, алты жасар баланың бірі сіріңкемен көліктің жанындағы құрғақ шөпті тұтатқан. Өрт тез тарала бастаған соң балалар қорқып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Енді көлік иесіне келтірілген материалдық шығынды алты жасар баланың ата-анасы өтеуге тиіс.

Айта кететін жайт, Ақтөбедегі газ құю бекетінде көлік өртеніп, үш адам тірідей жанып кеткен еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар