Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шымкент пен Түркістан тасжолында аптап ыстықтан асфальт балқып жатыр

kz.kursiv.media

Шымкент пен Түркістан тасжолында аптап ыстықтан асфальт балқып жатыр

Оңтүстікте аптап ыстықтан асфальт балқи бастаған. Осыған байланысты «Шымкент – Түркістан» тасжолы мен Солтүстік айналма жолында полиция күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

«ҚазАвтоЖол» мекемесінің мамандары мониторинг жүргізіп, төрт учаскеде ақау барын анықтаған. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша белгілер орнатылды.

Арнайы бригадалар плиталарды қалпына келтіріп, жол бетіндегі қысымды жеңілдету жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Көлік жүргізушілері жол ережесін сақтап, жылдамдықты асырмаса», – дейді жауаптылар.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Түркістан облыстық филиалының директоры Ербол Пірімбетов 15 күндей аптап ыстық болғанын айтты.

«Ауа температурасы Түркістан облысында 35-42 С көтеріліп жатыр. Қазіргі таңда осындай 4 жерді анықтадық. 4 жерді қалпына келтіріп, жұмыстарды әлі де атқарып жатырмыз. Бір айдың көлемінде анализ жасап, ауа райына қарап отырамыз. Сол метрологиялық ақпаратқа қарағанда, осы 1 ай қатты ыстық болады. Сол ыстықта кезекшілікпен тәулік бойы жұмыс істейміз», дейді ол.

Айта кетейіік, Қазгидромет 2026 жылғы маусым айына арналған консультативтік болжамды жариялаған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
13 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар