Қоқыстан өнер туындысы: Алматыда ерекше байқау басталды
Алматыда қайта өңделген заттардан (пластик, қағаз, ескі киім-кешек) әдемі арт-нысандар мен мүсіндер жасау бойынша қызықты байқау басталды. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
Байқауға суретшілер, дизайнерлер, студенттер ғана емес, жалпы экология мен табиғатты қорғауға бейжай қарамайтын кез келген адам қатыса алады. Жобаның мақсаты – өнер арқылы адамдарды қоқысты бейберекет тастамауға және заттарды үнемдеп қолдануға шақыру.
Байқаудың шарты қандай?
Қатысушылар ескі-құсқы, қайта өңделген материалдардан түрлі мүсіндер, көшеге қоятын инсталляциялар мен композициялар жасауы керек. Осылайша ұйымдастырушылар кез келген қалдықты кәдеге жаратуға болатынын және қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығын көрсеткісі келеді.
Жобаның барлық жаңалықтары @taza_sana.almaty Инстаграм парақшасында көрсетіліп отырады.
Айта кетейік, Астанада «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына өтінім қабылдау басталды. Жеңімпаздарға 1 млн теңге беріледі.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Маусым, 11
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
12 маусым 2026