Шакира төрт Әлем чемпионатында өнер көрсеткен әнші ретінде тарихқа енді
Осы жылы футболдан Әлем Чемпионатының ашылуында өнер көрсеткен басты жұлдыздың бірі – Шакира болды. Ол нигериялық музыкант Бурна Боймен бірге мундиальдың әнұранына айналған «Dai Dai » әнін орындады.
Италиян тілінен аударғанда «Dai Dai » алға бас, тоқтама деген мағынаны білдіреді. Яғни чемпионат қатысушыларына «жеңіске жету үшін тоқтамай алға басу керек» деген үндеу тастайды.
Әлемдік турнирдің ашылуына дейін Шакира мен Бурна Бой «Dai Dai» әніне арнайы бейнебаян түсірген еді. Клип жарты ай ішінде ютубта 100 млн-нан астам қаралым жинады. Ал стадиондағы перфомансты 80 мыңнан аса адам тамашалады.
A post shared by FIFA World Cup (@fifaworldcup)
Осылайша Шакира төрт Әлем чемпионатында өнер көрсеткен әнші ретінде тарихқа еніп отыр. 2006 жылы Германияда жабылу салтанатында ол «Hips Don’t Lie» хитін орындаған. 2010 жылы Оңтүстік Африка Республикасында өткен чемпионат үшін «Waka Waka (This Time for Africa)» гимнін жазды. Ол футболдан Әлем чемпионаты тарихындағы ең көп тыңдалған әнұранға айналды. 2014 жылы Бразилиядағы мундиаль үшін «La La La» әнін орындады. Осы жылы «Dai Dai» композициясымен сахнаға шықты.
11 маусымда Мехикода 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Іс-шара әйгілі «Ацтека» стадионында ұйымдастырылды. Алғашқы матчта Мексика құрамасы Оңтүстік Африкамен ойнап, 2:0 есебімен жеңіске жетті.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
- Маусым, 11
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
12 маусым 2026