Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тәртіпті сақтау – әрбір сарбаздың борышы

kz.otyrar.kz

Тәртіпті сақтау – әрбір сарбаздың борышы

Шымкент гарнизонының әскери полиция бөлімшесінде сарбаздар үшін танымдық-тәрбиелік экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – әскери тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыру, әскери қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру және әскери жарғылар талаптарының маңызын түсіндіру.

Экскурсия барысында сарбаздар гарнизондық гауптвахтаның қызметімен, оның жұмыс тәртібімен және әскери полицияның негізгі міндеттерімен танысты. Әскери полиция қызметкерлері әскери тәртіпті бұзудың салдары, әскери қызметшілердің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ әскери жарғыларды мүлтіксіз сақтаудың маңыздылығы туралы жан-жақты ақпарат берді.Кездесу барысында сарбаздарға әскери тәртіптің Қарулы Күштердегі жауынгерлік әзірліктің маңызды құрамдас бөлігі екені түсіндірілді. Сондай-ақ заң талаптарын сақтау, әскери қызметте жауапкершілік таныту және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Шымкент гарнизоны әскери полиция бөлімшесі бастығының орынбасары подполковник Ержан Агибаевтың айтуынша, мұндай экскурсиялар әскери қызметшілердің тәртіпке деген жауапкершілігін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.– Әскери тәртіп – Қарулы Күштердің жауынгерлік қабілетінің негізі. Әрбір сарбаз әскери жарғылардың талаптарын қатаң сақтап, өз әрекетінің жауапкершілігін сезінуі тиіс. Осындай тәрбиелік іс-шаралар құқық бұзушылықтың алдын алып, әскери қызметшілердің заңға деген құрметін арттыруға ықпал етеді, – деді подполковник Ержан Агибаев.

Мұндай тәрбиелік іс-шаралар жас сарбаздардың әскери қызметке деген жауапкершілігін арттырып, тәртіпті берік ұстануына және заң талаптарын құрметтеуіне ықпал етеді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар