Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

FlyArystan екі күнге 15% жеңілдік жариялайды

kz.kursiv.media

FlyArystan екі күнге 15% жеңілдік жариялайды

FlyArystan әуекомпаниясы барлық ішкі және бірқатар халықаралық бағыттарға 15% жеңілдікпен екі күндік әуебилеттері сатылымын жариялайды.

Науқан 2026 жылғы 28 және 29 шілде күндері өтеді. Осы кезеңде жолаушылар 2026 жылғы 8 қыркүйек пен 21 қазан аралығындағы сапарларға арнайы тарифтер бойынша билеттер сатып ала алады.

Жеңілдік FlyArystan әуекомпаниясының барлық ішкі рейстеріне, сондай-ақ кейбір халықаралық бағыттарға қолданылады.

Атап айтқанда, Астана – Ташкент – Астана; Алматы – Самарқан – Алматы; Алматы – Үргеніш – Алматы; Алматы – Сиань – Алматы; Астана – Үрімші – Астана; Ақтау – Үрімші – Ақтау; Ақтау – Баку – Ақтау; Алания (Газипаша әуежайы) – Астана / Алматы және кері бағытта; Кутаиси – Алматы / Астана / Ақтау / Атырау және кері бағытта.

FlyArystan әуекомпаниясының стандартты тарифіне салмағы 7 келіге дейін, өлшемі 56 × 23 × 36 см-ден аспайтын бір дана қолжүгі кіреді. Әуекомпания қосымша қызметтерді билет сатып алу кезінде бірге рәсімдеуді ұсынады. Бұл жолаушыларға олардың құнынан 70%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.

Мұның алдында FlyArystan Алматыдан Чунцинге тікелей рейс іске қосатынын жария етті.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар