Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Грант ұтып алудың оңай жолы: Бәсекесі аз, бірақ сұранысқа ие мамандықтар

kz.kursiv.media

Грант ұтып алудың оңай жолы: Бәсекесі аз, бірақ сұранысқа ие мамандықтар

Биылғы жаңа оқу жылына Су ресурстары және ирригация министрлігі 751 білім беру грантын бөліп отыр.

Бөлінген мемлекеттік тапсырыс мамандықтар бойынша төмендегідей үлестірілді:

Қазір жоғары оқу орындарында су саласы бойынша 2629 студент білім алып жатыр. Олардың басым бөлігі, яғни 2393-і бакалавриатта оқыса, 126 адам магистратурада, ал 110-ы докторантурада ғылыми бағытта ізденіп жүр.

Министрлік тек грант бөліп қана қоймай, түлектерді кепілді жұмыспен қамтуды да жоспарлап отыр. Осы мақсатта бейінді оқу орындарымен меморандумдар жасалып, «Қазсушар» секілді ірі мекемелерде өндірістік тәжірибе ұйымдастырылмақ.

««Қазсушар», Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы, Ұлттық гидрогеологиялық қызмет, Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, екі комитет және министрліктің орталық аппараты түлектерді жұмысқа қабылдауы тиіс. Бос жұмыс орындары бар, сондықтан бұл жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыру қажет. Енді бізге бөлінген білім гранттарының жеткіліктілігін анықтау керек. Алдағы бес жылға су саласының кадрлық қажеттілігін айқындап, бұл мәселені Ғылым және жоғары білім министрлігімен және жоғары оқу орындарымен бірлесіп пысықтауымыз қажет», – деді ведомство басшысы Нұржан Нұржігітов.

Жалпы 2026-2027 оқу жылына 89 мыңнан астам мемлекеттік грант бөлінді. Оның ішінде шамамен 530 мыңы – инженерлік кадрлар, 185 мыңнан астамы – педагогикалық кадрлар, 168 мыңға жуығы – өзге салалардың мамандары.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар