Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бірінші тоқсанда 115 мың адам 1 трлн теңгені заңсыз аударған

kz.kursiv.media

Бірінші тоқсанда 115 мың адам 1 трлн теңгені заңсыз аударған

2026 жылдың бірінші тоқсанында мобильді аударымдарға ауқымды талдау жасалды. Оның нәтижесінде 115 мың адам 1 трлн теңгеге заңсыз мобильді аударым жасаған. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Қаржы министрі Мәди Такиев айтты.

Айтуынша, жеке тұлғалардың аударымдары бойынша 10 банкпен жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде, үш айдың ішінде 115 мың адам заңсыз аударым жасағаны анықталды.

«115 мың адамның жасаған аударымдарының жалпы сомасы 1 трлн теңгеден сәл асады. Мұның ішінде негізгі сома жеке тұлғаларға тиесілі болып шықты. Шамамен 67 мың жеке тұлға 670 млрд теңгенің аударымын жасаған», – деді ол.

Такиев олардың арасында 7800 бейрезиденттер де бар болғанын айтты.

«Оларға қатысты бақылауды күшейттік, тіпті елден шығар кезде шекарада да тексеріс болады. Қазақстан ішінде аударылған бұл ақшаның қайдан келгенін сұрайтын боламыз», – деді ол.

Бұған қоса, жеке кәсіпкерлер де шамамен 200 млрд теңгеге аударым жасаған. Олардың барлығына хабарлама жіберілді.

«Мақсатымыз жазалау емес, жағдайдың қалай болғаны туралы түсініктеме алу. Анықталған жеке тұлғалардың арасында такси қызметінде жүргендер өте көп болып шықты. Сондай-ақ курьерлер де өте көп екен. Сондықтан олар келіп «шынымен де таксиде жұмыс істедім, білмедім, қазір ресми режимге ауысып жатырмын» деп айтып жатады. Бұл, бәлкім, ең орынсыз сылтау шығар», – деді ол.

Айта кетейік, 15 сәуірден мобильді аударымдардарға тексеріс басталды. Назарға үш ай ішінде 100 немесе одан да көп адамнан ақша түскен тұлға ілігеді.

Сондай-ақ аударымдардың тұрақты түрде үш ай бойы жалғасуы және жалпы сома шамамен 1 млн 20 мың теңгеден асуға тиіс.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар