Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қырғызстанда депутаттар сайлауға қатысу үшін ақы төлеуді ұсынды

kz.kursiv.media

Қырғызстанда депутаттар сайлауға қатысу үшін ақы төлеуді ұсынды

Қырғызстанда президент және парламент депутаттарын сайлау өтетін күнді ақы төленетін демалыс күні қылмақшы. Жоғарғы Кеңеш спикері Марлен Маматалиев осындай ұсыныс жасады деп жазады 24.kg.

Депутаттар ұсынған заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды. Құжатқа сәйкес, мемлекет басшысы мен парламент сайлауын жексенбіде емес, сәрсенбі күні өткізу жоспарланып отыр. Ол демалыс күні деп саналады және ресми жалақы сақталады.

Барлық қызметкерлер сайлауға қатысқан жағдайда ғана ақы төленетін демалыс ала алады. Сондай-ақ жұмыс берушілерге еңбек заңнамасында көрсетілген ерекше жағдайларды есептемегенде, қызметкерлерді сайлау күні жұмысқа жегуге тыйым салынады. Егер қызметкер бәрібір жұмысқа тартылатын болса, оған бұл күн үшін екі еселенген ақы төленіп, қосымша демалыс күні берілуі тиіс.

Алайда жобада маңызды бір шарт көрсетілген: сайлау күнінің ақысы тек шынымен дауыс беруге барған азаматтарға ғана төленеді. Егер адам себепсіз сайлауға бармаса, бұл күн ол үшін ақысыз демалыс болып қалады. Бастама авторларының сөзінше, сайлаушылар белсенділігі төмендеп кеткендіктен осындай өзгеріс ұсынған.

Соңғы рет елде Жоғары Кеңеш сайлауы былтыр күзде өткен.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар