Қазақстанның мектепте шахматты дамыту тәжірибесі халықаралық деңгейде үлгі болды
Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өткен «Білім берудегі шахмат» атты халықаралық конференцияда Қазақстан мен Моңғолияның мектеп жүйесінде шахматты оқытудағы тәжірибесі ортаға салынды. Жиын 21-ші Азия шахмат чемпионаты аясында ұйымдастырылды.
Конференцияға FIDE басшылығы, әртүрлі елдердің білім министрліктерінің өкілдері, ұлттық федерациялар мен сала сарапшылары қатысты.
Халықаралық мектептік шахмат федерациясының (ISCF) президенті, Қазақстан шахмат федерациясының басшысы Тимур Турлов шахматты тек спорт ретінде ғана емес, білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі ретінде дамытудың маңыздылығын атап өтті.
«Біз шахматқа инвестиция салу арқылы кәсіби спортшыларды ғана емес, аналитикалық ойлау қабілеті жоғары, қиындыққа төтеп бере алатын және саналы шешім қабылдайтын жас ұрпақты тәрбиелеуді көздейміз. Ойлау қабілеті мен білім – кез келген мемлекеттің ең басты активі», – деді Тимур Турлов.
Қазақстанның шахматты мектеп бағдарламасына енгізу тәжірибесі халықаралық сарапшылар арасында жоғары бағаланды. 2023–2027 жылдарға арналған Ұлттық даму жоспары бойынша көрсеткіштер мерзімінен бұрын орындалды:
Бұл нәтиже пилоттық жобаның толыққанды ұлттық жүйеге айналғанын көрсетеді.
FIDE президенті Аркадий Дворкович Қазақстанның тәжірибесі әлемдік деңгейдегі озық үлгі екенін айтты. Ол сонымен қатар Моңғолияның бұл бағыттағы ауқымды жұмысын жоғары бағалап, елдің білім беру саясатындағы шахматтың рөліне тоқталды.
«Біз Моңғолия шахматты білім беру стратегиясының маңызды бөлігі ретінде қарастырып отырғанын көріп отырмыз. Бұл кездесу басқа да көптеген елдерге шабыт бере алады. Біз жаңа ұрпақты ойлауға, үйренуге және табысқа жетуге қалай дайындайтынымызды талқылап жатырмыз», – деді Дворкович.
Қазақстан шахматты дамытуды басты басымдықтардың бірі ретінде сақтап қалады. IV Халықаралық «Білім берудегі шахмат» конференциясы 2026 жылдың қараша айында Қазақстанда өтеді. Университеттік командалар арасындағы әлем чемпионаты 3–9 тамыз аралығында Алматы қаласында өтеді. Жарысқа әлемнің Оксфорд, Кембридж, Пекин сынды жетекші 16 университетінің құрамасы қатысып, 50 мың еуро жүлде қоры үшін бақ сынайды.
Айта кетейік, осыған дейін Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) қолдауымен 2026 жылдың ең ірі турнирлерінің бірі – университеттер арасындағы командалық әлем чемпионатының финалы Қазақстанда өтетіні туралы жазған едік.
- Соңғы
-
-
-
-
-
- Маусым, 05
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Маусым, 04
-
Күнделікті жаңалықтар
8 маусым 2026