Алматыда жер сілкінді
Алматыда жер сілкінісі сезілді. Алдын ала мәліметтер бойынша, оның эпицентрі Қытаймен шекарада орналасқан.
Жер сілкінісі 4 маусым күні кешкі сағат 21.22 шамасында тіркелген. Қазақстан ТЖМ Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісі қазіргі уақытта деректерді өңдеуде. Жер сілкінісінің эпицентрі мен баллы туралы ақпарат нақтылануда.
ТЖМ мәліметінше, өзара іс-қимыл алгоритміне сәйкес тиісті мемлекеттік органдар хабардар етілді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
4 маусым 2026