Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Әкімдіктер мен Отбасы банк жалдамалы пәтерлерді тексермек

kz.kursiv.media

Әкімдіктер мен Отбасы банк жалдамалы пәтерлерді тексермек

2026 жылдың 12 шілдесінен бастап Қазақстанда жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялау бағдарламасына бақылау күшейтіледі.

Digital Business ақпаратына қарағанда, әкімдіктер мен Отбасы банк мемлекеттік қолдау алатын азаматтардың пәтерлерінде шынымен тұрып жатқанын тексереді.

Тексеру тек әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға қатысты болады. Олардың қатарында көпбалалы отбасылар, жетім балалар, І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар және мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар бар. Бұл азаматтарға мемлекет жалдау ақысының 50 пайызын өтейді.

Билік жалған құжат рәсімдеу арқылы бюджет қаражатын заңсыз алудың алдын алуды көздеп отыр. Осы мақсатта әкімдіктер мен Отбасы банк нақты уақыт режимінде мәлімет алмасып, тұрақты мониторинг жүргізеді.

Ал мемлекеттік субсидия алмайтын қарапайым пәтер иелері мен жалға алушылар үшін ештеңе өзгермейді. Оларға қатысты тексерулер жүргізілмейді. Сонымен қатар тұрғын үйге заңсыз кіруге немесе тінту жасауға ешкімнің құқығы жоқ.

Сарапшылар бірнеше пәтері бар меншік иелеріне салынатын қосымша салықтар болашақта жалдау бағасының қымбаттауына әсер етуі мүмкін екенін де атап өтуде.

Айта кететін жайт, Отбасы банк басшысы қатарынан бірнеше пәтер алатындарға салықты көбейтуді ұсынды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар