Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Орынбасары сотталған ШҚО әкімі отставкаға өтініш берді

kz.kursiv.media

Орынбасары сотталған ШҚО әкімі отставкаға өтініш берді

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты шыққан сот үкімінен кейін облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов отставкаға өтініш жазған. Бұл туралы әкімнің баспасөз хатшысы Лаура Жақыпова хабарлады.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, тікелей бағынышты қызметкері жемқорлық қылмыс жасап, оның айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда, бірінші басшы 10 күн ішінде міндетті түрде отставкаға өтініш беруі керек.

ШҚО әкімінің баспасөз хатшысы Лаура Жақыпованың айтуынша, әкім тарапынан заң талабы толық орындалған:

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов белгіленген тәртіппен өзінің отставкаға кетуі туралы өтінішін жолдады. Алайда, оның бұл іске ешқандай қатысы жоқтығы дәлелденгендіктен, отставканы қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданды», делінген хабарламада.

Қазіргі таңда өңірдегі жұмыстар штаттық режимде жалғасып жатыр.

Еске сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Жақсылық Омар алаяқтық жасады және пара алды деген айыппен алты жылға сотталған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар