Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Әлем чемпионаты алдындағы сынақ: Өзбекстан құрамасы Канадаға есе жіберді

kz.kursiv.media

Әлем чемпионаты алдындағы сынақ: Өзбекстан құрамасы Канадаға есе жіберді

Халықаралық жолдастық кездесу аясында Өзбекстан ұлттық құрамасы Канада футболшыларымен күш сынасып, 2:0 есебімен жеңіліс тапты.

Дүниежүзілік доданың қарсаңында ұйымдастырылған бұл матч қос ұжым үшін де маңызды дайындық кезеңі болды. ФИФА рейтингінде 30-орында тұрған Канада құрамасы бұл кездесуде өздерінің фаворит екенін дәлелдей білді. Ал рейтингте 50-сатыға жайғасқан Өзбекстан құрамасына бұл ойын қателіктерімен жұмыс істеуге үлкен мүмкіндік берді.

Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ алаңда тартысты әрі дөрекілеу ойын басталды. Матчтың небәрі 2-минутында өзбекстандық Ғаниев сары қағаз алса, 9-минутта оның командаласы Сайфиев те төрешінің ескертуіне ілікті. Көп ұзамай, 23-минутта Өзбекстан сапында ерте ойыншылар алмасып, Ғаниевтің орнына алаңға Файзуллаев шықты.

Бірінші таймның соңына қарай канадалықтар да дөрекілік танытып, Л. Миллар (40′) пен Д. Корнелиус (43′) сары қағаз алды. Алғашқы 45 минутта қос команда да қақпа көзін таба алмай, үзіліске 0:0 есебімен аттанды.

Екінші тайм басталмас бұрын Канада құрамасының бапкерлер штабы бірден 7 ойыншыны ауыстырып, алаңға жаңа күш қосты. Ойынның 58-минутында алаңға тыңнан қосылған Т. Олувасейидің пасынан кейін Дж. Озорио есеп ашып, Канаданы алға шығарды. Матчтың негізгі уақыты аяқталып, төреші қосқан қосымша минуттарда (90+1′) Канада екінші голын соқты. Тағы да Т. Олувасейи нәтижелі пас беріп, бұл жолы М. Нельсон мергендік танытты.

Өзбекстан құрамасы екінші таймда А. Мозговой, Ж. Урозов, А. Аманов, И. Сергеев және С. Эсанов секілді ойыншыларды шығарып, таразы басын теңестіруге тырысқанымен, Канада қорғанысын бұза алмады.

Айта кетейік, футболдан Әлем чемпионаты 11 маусым күні басталады. Өзбекстан құрамасы топтық кезеңде Португалия, Колумбия және ДР Конго құрамаларымен кездеседі.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар