Маусым айында 46°С-қа дейін ыстық болады
Қазгидромет 2026 жылғы маусым айына арналған консультативтік болжамды жариялады. Синоптиктердің болжамынша, айлық орташа ауа температурасы елдің басым бөлігінде климаттық нормадан 1-2°С жоғары, ал республиканың батыс өңірлерінде норма шамасында болады.
Ал жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында болжанады, елдің батыс пен солтүстік-батыстың жекелеген аудандарында көпжылдық орташа көрсеткіштерден көп болуы ықтимал.
Маусымның бірінші онкүндігінде ауа райы тұрақсыз болады деп күтіледі. Республика бойынша өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел, ал елдің солтүстік-батыс жартысында кей уақытта қатты жаңбыр болжанады.
Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында жекелеген күндері шаңды дауылдар болжанады.
– елдің батысы мен оңтүстік-батысында, Актөбе облысында түнде +6+12°С-тан +13+22°С-қа дейін, күндіз +15+25°С-тан +27+32°С-қа дейін, ал республиканың оңтүстік-батысында +35°С-қа дейін жоғарылайды.
– елдің солтүстігінде, Қостанай облысында түнде +11+16°С-тан +15+20°С-қа дейін, күндіз +21+26°С-тан +28+33°С-қа дейін;
– елдің оңтүстігінде түнде +17+25°С-тан +13+18°С-қа дейін, күндіз +33+40°С қатты ыстықтан +23+31°С-қа дейін, ал елдің оңтүстік-шығысында +33+38°С-тан +20+27°С-қа дейін біртіндеп бәсеңдеуі күтіледі.
Онкүндіктің басында республиканың шығысы мен орталығында күндіз ауа температурасы +33+39°С қатты ыстыққа дейін жоғарылайды. Алайда онкүндіктің қалған кезеңінде ауа температурасының негізгі фоны түнде +13+20°С, күндіз +25+33°С шамасында болады деп болжанады.
Қазгидромет дерегінше, маусымның екінші және үшінші онкүндіктерінде ыстық ауа райы кезең-кезеңімен найзағай, желдің күшеюі байқалатын салқын әрі жаңбырлы күндерге алмасып отырады, ал жекелеген аудандарда бұршақ пен шаңды дауылдардың болуы ықтимал.
Температуралық фон да тұрақсыз:
– елдің батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде +8+18°С-тан +15+25°С-қа дейін, күндіз +28+33°С-тан +35+39°С-қа дейін, ал орталығында өте қатты ыстық +42°С-қа дейін жетеді;
– елдің оңтүстік жартысында түнде +14+23°С-тан +20+28°С-қа дейін, күндіз +28+33°С-тан +34+40°С қатты ыстыққа дейін, жекелеген күндері өте қатты ыстық +40+46°С-қа дейін ауытқуы болжанады.
Бұған дейін, Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымы 2027 жылы аптап ыстық болуы мүмкін екенін ескерткен.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Маусым, 01
-
-
Күнделікті жаңалықтар
2 маусым 2026