Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бишімбаевтың бұрынғы әйелі күйеуінің көңілдестері туралы кітап шығармақ

kz.kursiv.media

Бишімбаевтың бұрынғы әйелі күйеуінің көңілдестері туралы кітап шығармақ

Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман экс-күйеуінің көңілдес болған әйелдері туралы кітап жазып жатқанын айтты.

Назым Қаһарманның айтуынша, бұл кітапта бұрынғы күйеуімен қарым-қатынаста болған әйелдердің есімдері мен әлеуметтік желідегі никнеймдері еш өзгеріссіз, өз атымен қалдырылған. Тек олардың тектері ғана алынып тасталған.

«Мен сіздерге хат жазып, шаш жұлысқан жоқпын. Бірақ бұл менің ештеңе білмегенімді білдірмейді. Мен бұл мәселені тек бұрынғы күйеуіммен ғана шештім, бұл ең дұрыс жол болды. Десе де, үйленген еркекпен қарым-қатынасқа түсе отырып, көңілдес әйелдердің өздері де саналы түрде таңдау жасайды. Ал бұл таңдаудың соңы біреудің кітабына кейіпкер болуға әкеліп соқтыруы әбден мүмкін», – деп жазды Назым Қаһарман өз жазбасында.

Ол бұл мәселені заң тұрғысынан өз адвокаттарымен де талқылағанын атап өтті.

Қаһарманның айтуынша, кітаптың қолжазбасы қазіргі уақытта баспаханаға өткізіліп қойған. Туындының ресми тұсаукесері 2026 жылдың күзіне жоспарланған.

A post shared by Nazym Kakharman (@nazymkakharman)

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев пен Назым Қаһарманның ортақ үш баласы бар. Бұған дейін, Бишімбаев үш баласына төлейтін алимент сомасын азайтқысы келген еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар