Жабдығы тозған: «Қазмырыштағы» жарылыстың алдын ала себебі айтылды
2026 жылдың алғашқы бес айында Қазақстандағы ірі өндіріс нысандарында 43 оқиға мен 13 апат болды. Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов адам өліміне әкеп соқытрған екі апаттың алдын ала себебін атады.
2 маусымдағы үкімет отырысында еңбек қауіпсіздігі мәселесі талқыланды. Премьер-министр алдында есеп берген министр Шыңғыс Әрінов биыл 13 апат болғанын айтты. Апаттардың алтауы мұнай-газ, төртеуі тау-кен, ал үшеуі газбен қамту саласында тіркелген.
«Он апат бойынша тергеу аяқталды. «Востокцветмет» шахтасында және «Қазмырыш» зауытында бірнеше жұмысшы қаза болған оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр. Сараптамалар мен зерттеулер тағайындалды», – дейді министр.
Естеріңізге сала кетейік, 30 мамырда кешке Шығыс Қазақстанда «Востокцветмет» кәсіпорыныныа қарасты шахтада қайғылы оқиға болып, 45 жастағы кенші қаза тапқан. Ал 9 мамырда дәл осы Артемьев шахтасында бір жұмысшы 9 метр биіктіктен құлап, көз жұмған. Кәсіпорын KAZ Minerals тобына қарайды.
«Алдын ала болжам бойынша, «Востокцветмет» шахтасында орын алған аварияға, тау-кен жұмыстарын жобалық құжаттама талаптарын бұзып жүргізу және жұмыс өндірісінің тиісті деңгейде ұйымдастырылмауы себеп болған», – дейді Әрінов.
Мәліметтерге қарағанда, өткен аптадағы апаттан соң шахтадағы жұмыс тоқтап, тексеру басталған.
Министр «Қазмырыш» компаниясының зауытындағы ірі жарылысқа да қатысты мәлімет берді. Естеріңізге сала кетейік,компанияның Өскемен металлургия кешеніндегі мырыш зауытындағы ірі апат салдарынан 3 адам қаза тапқан. Қайғылы оқиға биыл 5 мамырда болған.
«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс технологиялық процестің бұзылуы салдарынан болды деген болжам бар», – деп мәлімдеді министр.
Оның айтуынша, бұған дейін осы нысандарда тәртіпке сай емес бірнеше жайт анықталған. Атап айтқанда:
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов «тергеу аяқталғаннан кейін кәсіпорындарға қатысты тиісті шаралар қабылданатынын» мәлімдеді
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Маусым, 01
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
2 маусым 2026