Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Оқу-жаттығу кезінде Жамбыл облысына дрон құлады

kz.kursiv.media

Оқу-жаттығу кезінде Жамбыл облысына дрон құлады

Екінші маусымда оқу-жаттығу кезінде Жамбыл облысы, Талас ауданының аумағына дрон құлады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.

«Ұшқышсыз ұшу аппараты жоспарлы оқу-жаттығу кезінде Жамбыл облысы Талас ауданының аумағына штаттан тыс қонды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жергілікті тұрғындар мен инфрақұрылым нысандарына еш қауіп болған жоқ», – деп жазылған министрлік хабарламасында.

Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиғаға техникалық ақаулар себеп болуы мүмкін. Қазір мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия жұмысын бастады.

Бұған дейін елдің батыс өңіріне бірнеше рет дрон құлағанын жазған едік. Бірақ Қорғаныс министрлігі ол аппараттардың кімге тиесілі екенін айта алмай отыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар