Әл-Фарабидегі жол апатында қайтыс болғандар айыпталушыны қамамауды сұрайды
Алматыда Әл-Фараби даңғылында болған жантүршігерлік жол апатына қатысты кезекті сот процесі өтіп жатыр. Марқұмдардың туыстары рөлде отырып, жол апатына себепші болды деген Александр Пакқа кешірім беріп, бас бостандығынан айырмауды сұрайды.
Сотта алғашқылардың бірі болып Zeekr автокөлігіне соғысқан Mersedes машинасының иесі, марқұм Еламан Қайыржанұлының әпкесі сөйледі. Оның айтуынша, апаттан марқұм бауыры отырған көліктің түгі қалмай қираған, бірақ айыпты тарап толық өтемақы берген.
«Айыпталушы өз кінәсін толығымен мойындап, кешірім сұрады. Материалдық және моральдық өтемақыны толық өтеді. Менің және басқа туыстарымның оған ешқандай шағымы жоқ және болмайды да», – деді ол.
Марқұм Еламанның әпкесі айыпталушыны кешіргендіктен бас бостандығынан айырмайтындай шартты жаза қолдануды сұрады.
Апаттан қайтыс болған Құмар Теңелбаеваның да анасы да айыпталушыға кешірім беріп, еш шағымы болмайтынын айтты. Сотта оның мәлімдемесін оқып берді.
«Иә, мен өзім жазған арыз. Біздің еш шағымымыз жоқ. Сотталушы өз кінәсін мойындап отыр. Еламанның отбасымен бірге оны кешірдік», – деді жәбірленуші.
Бұған дейін айыпталушы Александр Пак жасаған ісіне өкінетінін айтып, кешірім сұраған еді. Апат салдарынын 1996 жылы туған Еламан Қайыржанұлы, 2003 жылы туған Құмар Теңелбаева және 2005 жылы туған Томирис Қыдырбек оқиға орнында қайтыс болған.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Мамыр, 29
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
1 маусым 2026