KMG International 4 айда 75 млн доллар таза табыс тапты
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еуропалық активі – KMG International 2026 жылғы қаңтар-сәуір айларында өндірістік-қаржылық қызметін қорытындылады. Төрт айдағы таза пайда 75 млн долларға жетті.
Компанияның дерегінше, негізгі операциялық және қаржылық көрсеткіштері былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда өсім көрсетті.«Петромидия» мұнай өңдеу зауыты есепті кезеңде 1,67 млн тонна шикізат өңдеп, өзінің жобалық қуатын 98,3%-ға орындады. Мұнай өнімдерін шығару көлемі 1,59 млн тоннаны құрады, соның ішінде:
– дизель отыны – 743 мың тонна;– бензин – 436 мың тонна;– авиаотын – 136 мың тонна.KMGI-ге қарасты ритейл компанияларының сатылымы 9%, яғни 934 мың тоннаға ұлғайды. Бұл негізінен Румыния мен Молдовадағы көтерме сауданың ұлғаюының нәтижесі. Басқа (отынға жатпайтын) тауарларды сату көлемі 15% өсіп, 17,6 млн долларға жетті.KMGI компаниясы өзінің операциялық көрсеткіштерін жақсарту арқылы қаржылық нәтижелерін айтарлықтай нығайтты. Мәселен, EBITDA көрсеткіші 160 млн долларды құрап, былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда екі есе өсті. Сонымен қатар, KMGI өткен жылғы 23 млн доллар шығыннан кейін жағдайды оңалтып, биылғы таза пайдасын 75 млн долларға жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін «Қазақтелеком» операторының 2025 жылғы таза пайдасын жазған едік.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Мамыр, 29
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
1 маусым 2026