Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қызметтік ит түрмеге тыйым салынған затты өткізуге жол бермеді

kz.otyrar.kz

Қызметтік ит түрмеге тыйым салынған затты өткізуге жол бермеді

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы 5546 әскери бөлімінің әскери қызметшілері №15 Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметкерлерімен бірлесіп, түзеу мекемесінің аумағына тыйым салынған заттарды заңсыз өткізу әрекетін тоқтатты.

🦮 Оқиға көлік бақылау-өткізу пунктінде «Газель» маркалы автокөлігін тексеру кезінде болған. Тексеру барысында ұландықтар «Шах» атты қызметтік-іздестіру итін қолданады.

⏺Қызметтік ит көлік құралының салонында тыйым салынған заттардың болуы мүмкін екенін білдіретін белгі бергендіктен, бақылаушылар жіті тексеру жүргізеді. Тексеру нәтижесінде салон қалташасынан ішінде спецификалық иісі бар өсімдік тектес зат салынған пластикалық банка табылған.

🤝Ұлттық ұлан әскери қызметшілері мен Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі қызметкерлерінің жедел және үйлесімді әрекетінің арқасында тыйым салынған заттарды режимдік объектіге өткізу әрекеті дер кезінде тоқтатылды.

Осы факт бойынша тексеру жүргізілуде, оқиғаның толық мән-жайы және құқық бұзушылыққа қатысы бар адамдар анықталатын болады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
1 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар