Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Арман Шораев өзіне іздеу жарияланғанын жоққа шығарды

kz.kursiv.media

Арман Шораев өзіне іздеу жарияланғанын жоққа шығарды

Кейбір ақпарат құралдары қоғам белсендісі әрі журналист Арман Шораевқа іздеу жарияланғаны туралы ақпарат тарата бастады.

Алайда, Шораевтың өзі мұны толықтай терістеп отыр.

Zanamiviehali ақпаратынша, оның үстінен жасөспірімді ұрып-соқты деген арыз түскен. Содан кейін Арман Шораевқа іздеу жарияланған.

«Алайда бағдар қазірдің өзінде күшін жойды. Ақмола облысы полициясының мәліметінше, 24 мамыр күні Көкшетау тұрғыны кәмелетке толмаған ұлына дене жарақатын келтіргені жөнінде арыз жазып, онда Арман Шораевтың есімін көрсеткен», – делінген хабарламада.

Телеграм арнаның мәліметінше, осыдан кейін полиция қызметкерлеріне Шораевты ұстау туралы бағдар жолданған. Алайда сол күні Арман Шораевтың өзі полицияға келіп, қажетті процессуалдық шаралар жүргізген көрінеді.

Қазіргі уақытта бағдар күшін жойған. Алайда арыз бойынша тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.

Арман Шораевтың өзі бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр. Оның айтынша, бұл «фейк» хабарлама.

ҚХП партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев қоғам белсендісі Арман Шораевты «экстремист» деп атады. Бұған Мәжіліс депутаты Ирина Смирноваға тіл тигізгені себеп болған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
1 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар