Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ЖИ үйрететін орталықтар іске қосылды

kz.otyrar.kz

ЖИ үйрететін орталықтар іске қосылды

Шымкентте жасанды интеллект бағытында білім беретін жаңа мектеп есігін айқара ашты. Мұнда 18 жастан асқан қала тұрғындары ешқандай ақы төлемей, бағдарламалау өнері мен цифрлық жобаларды басқаруды үйрене алады. Мұнымен қоса, өңірде арнайы робототехника зертханасы да өз жұмысын бастады.

Әлемдік оқыту стандарттарына негізделген бұл орталық студенттердің шығармашылық әлеуеті мен технологиялық біліктілігін арттыруды көздейді. Арнайы іріктеу кезеңінен өткен талапкерлер жасанды интеллект технологияларын нөлден бастап, кәсіби деңгейге дейін меңгеріп шығады. Атап айтқанда, қатысушылар бағдарламалау, веб-дизайн, анимация, киноиндустрия және цифрлық музыканың қыр-сырына қанығады.

УӘЛИХАН СЛАМБЕК, TOMORROW SCHOOL МЕКТЕПТЕР ЖЕЛІСІНІҢ АЙМАҚТЫҚ ДИРЕКТОРЫ: «Егер ол мысалы басқа салада жүр. «Шаштараз» немесе «биолог» немесе «математик» па!? Бірақ жүрегімен ІТ-ді қалап тұр. Біз соларды нөлден дайындаймыз. Бізде 4 ветка бар. Яғни GO-AI, AR/VR, GS деген сияқты тілдерді толықтай үйретеміз».

Сарапшылардың айтуынша, бұл бағыт заманауи цифрлық нарықта өте жоғары сұранысқа ие. Сондықтан курсты сәтті аяқтаған түлектерге халықаралық үлгідегі сертификат табысталады. Ал оған дейін соңғы үлгідегі зертханада өз білімдерін іс жүзінде шыңдамақ.

ЖАНАР РЫСБЕКОВА, Ж. ТӘШЕНОВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ВИЦЕ-РЕКТОРЫ: «Дронды жасаудан бөлек, айдап үйренуден бөлек, олар бағдарламасын жасап үйреніп жатыр. Осы өңірде экология болсын, ауыл шаруашылығы болсын, мал шаруашылығы болсын, соның бәрінде осы жасап жатқан қазіргі балалардың жұмыстары серпінді әсер ете алады деп ойлаймыз».

50-ге жуық стартапшының басын қосқан «Шымкент хаб» алаңы да тың жобаларды қолға алған. Мәселен, мұнда ауыл шаруашылығы жануарларын бақылайтын автоматты трекерлер құрастырып, спорт саласына арналған арнайы цифрлық жүйе жасалды.

ҚҰРМАНҒАЗЫ МҰРАТОВ, «ШЫМКЕНТ ХАБ» МЕНЕДЖЕРІ: «Жалпы «Шымкент Хабтың» мақсаты Шымкент қаласындағы ІТ стартаперлерді өсіру, ІТ эко системаны дамыту және стартап мәдениетті дамыту десек болады. Жасанды интеллект адамға инструмент ретінде көмектесуі керек. Оны инструмент ретінде қолдансаң өзіңнің ақыл ойыңды дамытуға болады. Ал егер үй жұмысын істеп бер деп толық көшіретін болсаң ой өрісің дамымайды».

Мұнымен қоса, аймақтағы университет базасында жаңа робототехника және жасанды интеллект орталығы ашылады. Бүгінде ғылыми топ бұл жобаның егжей-тегжейлі жоспарын түзіп жатыр. Мамандар бұл арқылы техногендік қалдықтарды өңдеп, құрылыс заттарын шығаратын кәсіпорындарға цифрлық технологияларды интеграциялауды көздеп отыр.

ЖАМБЫЛ АЙМЕНОВ, ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ: «Егер де сол жұмыстарымыз нәтижелі болатын болса бизнес партнерларымыздың ішінде Қытайдың фирмалары бар, Еуропаның Венгрия республикасында фирмалар бар. Бұл проект 3 жылға арналған. Біткен кезде бизнес партнерларымыз арқылы еуропаның нарықтарына шықсақ деп ойлаймыз».

Енді оқу орны қабырғасында бәсекеге қабілетті кадрлар дайындау ісі басты назарда. Оқытушылар сөзінше заман ағымына сай бейімделген мамандықтар түлектердің тұрақты жұмыс табуына септігін тигізеді. Нәтижесінде бұл жоба өңір өнеркәсібінің әлеуетін айтарлықтай арттырады.

Әсел Мәлік

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
1 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар