Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Сараптамалық-талдау іс шарасының нәтижесі талқыланды

kz.otyrar.kz

Сараптамалық-талдау іс шарасының нәтижесі талқыланды

2025 жылы жергілікті бюджетке түскен түсімдердің атқарылуын бағалау жүргізілген сараптамалық-талдау іс шарасы нәтижесі талқыланды

Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясымен «2025 жылы жергілікті бюджетке түскен түсімдердің атқарылуын бағалау» сараптамалық-талдау іс-шарасының нәтижелері бойынша, келешекте жергілікті бюджетке түсетін салықтық түсімдердің, салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан, трансферттерден, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларынан, қалалық коммуналдық меншіктегі қаржы активтерін сатудан, қарыздардан түсетін түсімдерді сапалы жоспарлануына, оның алдын алу мақсатында Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқарма қызметкерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелді өткізу барысында сараптамалық-талдау іс шарасының жүргізу кезіндегі мәселелер талқыланып, заңнамалардың қолдану тәртіптері түсіндірілді.

Қатысушылар мен жүргізушілердің арасында сұрақтар қойлып, тиісті жауаптар алынды және өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарымен бөлісті.

Н.Абдезов,

Шымкент қаласы бойынша тексеру

комиссиясының мүшесі

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 мамыр 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар