Қазақстанда пәтер рәсімдеу қанша тұрады
2026 жылы жылжымайтын мүлік мәмілесін нотариалдық рәсімдеу құны бірнеше факторға – ипотеканың бар-жоғына, тараптардың туыстық қатынасына және нысанның орналасуына байланысты өзгереді. Сондықтан пәтер сатып алу кезінде тек баспана бағасын емес, қосымша рәсімдеу шығындарын да ескеру маңызды. Сатып алу-сату шартының құны, кімдерге жеңілдіктер қарастырылған және нотариус қызметін қай тұста үнемдеуге болады? Бұл сауалдардың жауабын krisha.kz мамандары талдап көрді.
Krisha.kz мәліметінше, нотариалдық рәсімдеу құны мәмілеге кімдердің қатысатынына байланысты.
Егер жылжымайтын мүлік ауылдық жерде орналасса, тарифтер төмен болады.
Мәміле жақын туыстар арасында жасалса, құны 6 487 теңге, басқа жеке тұлғалар арасында – 11 678 теңге. Егер мәмілеге заңды тұлға қатысса – 12 975 теңге.
Бұл жеңілдіктер қалалық нотариуста рәсімделген күннің өзінде де қолданылады. Негізгі шарт – нысанның орналасқан жері.
Ипотекамен тұрғын үй алатындар үшін сатып алу-сату шартын рәсімдеу құны бұрынғы 12 АЕК орнына 4 АЕК болып белгіленген. Яғни төлем 51 900 теңгеден 17 300 теңгеге дейін төмендеген.
Бұл өзгеріс 2026 жылдың ақпанында тіркелген Әділет министрлігінің бұйрығына енгізілген түзетумен ресми түрде бекітілді.
2026 жылы ипотекамен жасалатын мәмілелердің тарифтері:
Нотариустар ипотекалық мәмілелер үшін осы сомадан артық ақы алуға құқылы емес.
Биылдан бастап нотариалдық тарифтер де нысан құнына қарай белгіленеді.
Бұл баға төмен болатын мәмілелерге қатысты. Мысалы, жер телімін, қойманы немесе паркинг орнын сатып алу кезінде.
Егер жылжымайтын мүліктің бағасы 30 АЕК-тен (2026 жылы бұл 129 750 теңге) аспаса, төмендетілген тарифтер қолданылады:
Сатып алу-сату шартына қол қойылып, нотариуста куәландырылғанымен, сатып алушы бірден меншік иесі атанбайды.
Меншік құқығы тек шарт мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ғана күшіне енеді. Құжаттарды тіркеуге нотариус өзі жібереді.
Сатып алушы мемлекеттік баж салығын төлеуі тиіс – 1 304 теңге (пәтер немесе жеке үй сатып алған жағдайда).
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
- Мамыр, 04
-
-
-
- Сәуір, 30
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
5 мамыр 2026