Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Boeing пен Airbus: жаңа ұшақ сатып алуға 10 млрд доллар қажет

kz.kursiv.media

Boeing пен Airbus: жаңа ұшақ сатып алуға  10 млрд доллар қажет

Air Astana әуе компаниясына ұшақ қатарын арттырып, техникалық әлеуетін нығайтуы үшін 10 млрд доллар керек. Компанияның жаңа бас атқарушы директоры Ибрахим Жанлыелдің айтуынша, қазір бірқатар маңызды жобалар қолға алынған.

«Нарықтағы қазіргі баға деңгейін ескерсек, жаңа ұшақ сатып алуға бағытталған инвестиция көлемі 10 миллиард долларды құрайды. Әуе флотын толықтыру бағытында келіссөз жүргізіп жатырмыз», — деп атап өтті Ибрахим Жанлыел.

2026 жылы компания заманауи Boeing 787 Dreamliner үлгісіндегі алғашқы екі лайнерді қабылдап алса, ал 2027 жылы олардың қатары тағы бір ұшақпен толығуы тиіс.

Даму стратегиясына сәйкес, 2030 жылға қарай әуе кемелер саны 86-ға дейін ұлғаймақ Алдағы бес жылда 41 дана Airbus A321 ұшағын сатып алу жоспарланған. Бұл ретте компания ұшақ түрлерін біріздендіру (унификация) жұмыстарын аяқтаған.

Мұндай қадам техникалық қызмет көрсету үдерісін жеңілдетіп қана қоймай, шығындарды айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.

Бұған дейін Ибрахим Жанлыел BAE Systems-тің үлесін әлем инвесторлары бір сағатта сатып алғанын айтқан.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 мамыр 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар