Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Қайрат» футбол клубы бас бапкерін ауыстыра ма: Боранбаев жауап берді

kz.kursiv.media

«Қайрат» футбол клубы бас бапкерін ауыстыра ма: Боранбаев жауап берді

Алматылық «Қайрат» футбол клубының айналасында соңғы күндері түрлі қауесеттер желдей есіп тұр. Команданың алдағы еурокубок бәсекелеріне дайындық тұсында «бас бапкер ауысады» деген ақпарат футбол қауымдастығын елең еткізді. Алайда клуб қожайыны Қайрат Боранбаев бұл мәселеге қатысты кесімді пікірін білдірді.

«ЖаркOFF» Telegram-арнасының хабарлауынша, клуб басшылығы Рафаэль Уразбахтиннің орнына жаңа үміткерлерді қарастыра бастаған. Тіпті, үміткерлердің қатарында «Қайратты» бұған дейін де жаттықтырып, чемпиондыққа жеткізген Алексей Шпилевскийдің есімі аталды.

Бұл ақпарат әлеуметтік желілерде қызу талқыға түскен соң, клуб қожайыны Қайрат Боранбаевтың өзі пікір білдірді. Ол бапкерді ауыстыру туралы қауесеттерді «іштен іріткі салушылардың әрекеті» деп бағалады.

«Мұндайды кім жазып жүргенін түсінемін. Бұл – біздің командаға іріткі салғысы келетіндердің ісі. Біздің бапкер Рафаэль Уразбахтин Қазақстанның үздік маманы», деп жазды Боранбаев желідегі жазбаның астында.

Рафаэль Уразбахтиннің жетекшілігімен «Қайрат» өткен маусымда айтарлықтай жетістіктерге жеткені белгілі. Клуб басшылығының мұндай қолдауы қазіргі бапкерге деген сенімнің әлі де жоғары екенін көрсетеді.

Еске сала кетейік, бүгін 29 сәуір күні Қазақстан кубогы аясында «Қайрат» Қызылордада «Қайсар» футбол клубымен ойнайды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 мамыр 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар