Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Елтаңбаны қоқыстан тауып үйіне іліп қойған блогерге айыппұл салынды

kz.kursiv.media

Елтаңбаны қоқыстан тауып үйіне іліп қойған блогерге айыппұл салынды

Жетісу облысында қоқыс тастайтын жерден Елтаңбаны тауып алып, үйіне іліп қойған блогерге айыппұл салынды. Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Сенат кулуарында оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Жетісу облысы Жансүгіров ауылының тұрғыны, блогер Данияр Бейісқали осыдан төрт жыл бұрын қоқыс арасынан мемлекеттік Елтаңбаны тауып алған. Ол рәмізді тазалап, ретке келтіріп, өз үйіне іліп қойған.

Алайда әрекет жергілікті биліктің назарына ілінген. Ақсу ауданының әкімдігі блогердің үстінен полицияға арыз түсірген. Нәтижесінде блогерге Елтаңбаны үйдің қабырғасына іліп қойған үшін 216 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Себебі мемлекеттік рәміз талапқа сай қолданылмаған.

Вице-министр Санжар Әділов сот шешімінің заңды екенін айтты.

«Бұл фактіге нақты құқықтық баға берілді. Конституцияға сәйкес, біз мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге міндеттіміз. Сондықтан соттың берген бағасы әбден дұрыс», – деді вице-министр.

Жетісу облыстық Полиция департаменті мемлекеттік рәміздер заңмен ерекше қорғалатынын ескертті. Рәміздерді қолдану тәртібі заңнамамен қатаң белгіленген және оны бейберекет пайдалануға жол берілмейді.

Бұған дейін Ақтөбе облысында домбыраны «харам» деп атаған ер адамға қылмыстық іс қозғалғанын жазған едік.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 мамыр 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар