Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан құбырлары арқылы мұнай экспорттау құны қымбаттайды

kz.kursiv.media

Қазақстан құбырлары арқылы мұнай экспорттау құны қымбаттайды

2026 жылғы 1 маусымнан Қазақстанның мұнай құбырлары арқылы шикізат экпорттау құны қымбаттайды. «ҚазТрансОйл» (ҚТО) ұлттық компаниясы қабылдаған шешімге сәйкес, тасымал тарифі 10,6 пайыз өсетін болды. Мұнай экспорттаушылар енді әр тонна үшін 1 200 теңгеге артық төлейді.

Яғни, 1 тонна мұнайды 1000 шақырымға айдау бағасы 11300 теңгеден 12 500 теңге жетті. Халықаралық нарық үшін бұл сома шамамен 27 долларға тең келеді.

Тариф тек шетелге шығарылатын мұнайға қатысты қымбаттаған, ел ішіндегі тасымалға әсер етпейді.

2026 жылдың алғашқы үш айында Қазақстаннан шетелге сатылған мұнай көлемі өткен жылмен салыстырғанда 21 пайызға (яғни 4 млн тоннадан астамға) төмендеп кеткен.

Бұған дейін ҚТО ішкі нарыққа мұнай тасымалдау құны алдағы бес жылда кезең-кезеңімен қымбаттайтынын хабарлаған.

«ҚазТрансОйл» АҚ – Қазақстанның магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ тобына кіреді. Компания ұзындығы 5,2 мың шақырым болатын құбыр жүйесіне иелік етеді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 мамыр 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар