Ресей мен Украина уақытша бітім жариялады
Ресей қорғаныс министрлігі 9 мамыр жеңіс күніне орай екі күндік уақытша бітім жариялады. Көп ұзамай Украина президенті Владимир Зеленский де фронтта «тыныштық режимін» енгізетінін мәлімдеді, бірақ оның мерзімдері ресейлік тарап ұсынған уақыттан өзгеше.
Ресей Қорғаныс министрлігінің ресми мәлімдемесіне сәйкес, бітім Президент Владимир Путиннің шешімімен уақытша бітім 8 мамыры сағат 00:00-ден бастап 9 мамырдың аяғына дейін әрекет етеді.
Ресейлік ведомствоның мәлімдемесінен көп ұзамай Украина Президенті Владимир Зеленский әлеуметтік желілердегі парақшасында жауап қатты. Ол Киевтің Ресейден соғыс қимылдарын тоқтатудың шарттары туралы ешқандай ресми өтініш алмағанын баса айтты.
Дегенмен, Зеленский Украинаның фронтта 6 мамырға қараған түнгі сағат 00:00-ден бастап жеке «тыныштық режимін» жариялайтынын хабарлады.
«Біз адам өмірін кез келген жылдықты «мерекелеуден» өлшеусіз жоғары құндылық деп санаймыз. Осыған байланысты, 5-нен 6 мамырға қараған түні сағат 00:00-ден бастап тыныштық режимін жариялаймыз», – деді Украина президенті.
Ол бұл шиеленісті азайту үшін нақты қадам жасауға мүмкіндік беретінін және Украина тарапы осы сәттен бастап айналы түрде әрекет ететінін қосты.
Еске сала кетейік, өткен жылы да Владимир Путин Жеңіс күніне байланысты 72 сағатқа оқ атуды тоқтату туралы жариялаған еді. Ол кезде Украина бұл ұсынысты ресми түрде қабылдамай, бітімнің үш күндік емес, кем дегенде 30 күнге созылуын талап еткен.
Биылғы сәуір айының басында Ресей президенті православтық Пасха мерекесіне байланысты да бітім туралы бұйрық берген еді. Дегенмен, ол кезде де қос тарап бір-бірін оқ атуды тоқтату режимін көптеген бұзушылықтар жасады деп айыптаған.
- Соңғы
-
- Мамыр, 04
-
-
-
- Сәуір, 30
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Сәуір, 29
-
-
Күнделікті жаңалықтар
5 мамыр 2026