Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Маңғыстау облысында емші науқас адамды тамағынан қысып өлтіріп қойды

kz.kursiv.media

Маңғыстау облысында емші науқас адамды тамағынан қысып өлтіріп қойды

Маңғыстау облысында емші халық емімен емделуге келген науқас адамды тамағынан қысып өлтіріп қойды.

Lada.kz ақпартына қарағанда, бұл іс бойынша үкім қайта қаралды. Бұл «емдеу» сеансын емханада жұмыс істейтін медбике жүргізген. Апелляциялық алқа бұрынғы үкімді тым қатаң деп тауып, жазаны бас бостандығын шектеуге ауыстырды.

Мунайлы аудандық соты 19 наурызда Мунайлы ауданының тұрғыны Б.-ны абайсызда адам өліміне әкелу (ҚР ҚК 104-бабы 1-бөлігі) бойынша кінәлі деп таныды. 49 жастағы әйел Актау қаласындағы №1 емханада медбике болып жұмыс істеген және тиісті білімі мен лицензиясы болмаса да, үйінде «халық емі» қызметін көрсеткен.

Сот мәліметінше, 2025 жылғы 26 қараша күні шамамен сағат 20:30-да Маңғыстау ауылында орналасқан өз үйінде ол науқасты «емдеу» барысында оның тамағын қолымен қысып жіберген. Соның салдарынан ер адам сол жерде көз жұмған.

Бірінші сатыдағы сот әйелді 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кескен. Алайда оның кәмелетке толмаған баласы бар болғандықтан, жаза өтеу кейінге қалдырылған.

Қорғаушылар бұл шешіммен келіспей, апелляциялық шағым түсірді. Олар сотталған адамның кінәсін толық мойындағанын және жәбірленуші тараптың оны кешіргенін алға тартып, жазаны жеңілдетуді сұрады.

Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы істі қайта қарап, жаза тағайындау кезінде жеңілдететін мән-жайлар толық ескерілмеген деген қорытындыға келді. Қылмыс жеңіл санатқа жатқызылып, бап санкциясында балама жазалар қарастырылғаны атап өтілді.

Апелляциялық инстанция үкімді өзгертіп, әйелге 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Айта кететін жайт, Шымкентте адамдарды билетіп емдейтін емші «жындыханаға» жабылған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 мамыр 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар