Қызылорда қаласында өртеніп жатқан үйден екі бала құтқарылды
Қызылорда қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты. Пәтер ішінде екі бала ұйықтап жатқан.
ІІМ дерегіне сәйкес, өрт шамамен сағат 10:30-да төртінші қабаттағы пәтердің балконынан тараған. Жағдай күрделі еді. Сол маңнан өтіп бара жатқан полиция қызметкері дереу жағдайды бағалап өрт ошағына қарай барған. Ол төтенше қызметтердің келуін күтпей, түтін жайлаған пәтерге кіріп, өртті сөндіруге кіріскен
Пәтер ішінде ұйықтап жатқан екі бала болған. Полицей оларды оятып, қауіпті аймақтан алып шығып, тілсіз жаудың ортасынан аман алып қалды.
Кейін оқиға орнына қосымша күштер мен төтенше қызметтер келіп, жағдай толық бақылауға алынды.
Айта кетейік, 12 сәуірге қараған түні Түркістан көшесіндегі көпқабатты үйдің 15-қабатында орналасқан пәтерден шыққан өрт үш баланың өмірін қиған болатын. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері әйел адамды құтқарып қалды, ол қазір жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр.
Сонымен қатар, кеше Астанада Нұра ауданындағы Күлтегін көшесінде орналасқан он қабатты тұрғын үйден өрт шыққан еді.
- Соңғы
-
- Мамыр, 04
-
-
-
- Сәуір, 30
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Сәуір, 29
-
-
Күнделікті жаңалықтар
5 мамыр 2026